Yayın:
БІР НЕГІЗДІ ОРТАҚ ТҮБІРЛЕРДІҢ СЕМАНТИЗАЦИЯСЫ (ҚАЗАҚ, ҚАРАҚАЛПАҚ, НОҒАЙ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Placeholder

Akademik Birimler

item.page.program

item.page.orgauthor

item.page.kuauthor

item.page.coauthor

Yazarlar

Danışman

item.page.language

item.page.type

Dergi Başlığı

Dergi ISSN

Cilt Başlığı

Özet

Мақалада қыпшақ тілдері бұтағындағы бір-біріне жақын қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі бір негізді ортақ түбірлердің семантикалық табиғаты қарастырылды. Ғалым Ә. Қайдар қарастырған бір негізді түбірлер ішінен ақжәне аш түбірлері іріктеліп алынды.Ғылыми зерттеудің мақсаты –аталған тілдердегі бір негізді ортақ түбірлерді талдай отырып мағыналық дамуын, семантизациялануын анықтау. Жұмысымыздың негізгі бағыты –салыстырмалы тіл білімі, лексикология, семасиология секілді ғылым салаларының аясын кеңейту, мағынаның жалпы заңдылықтарын зерттеу. Біз түркі тілдері арасындағы мәдени байланысты бір негізді түбірлер семантизациясы арқылы көрсету идеясын қарастырамыз. Зерттеу жұмысымыздың ғылыми маңыздылығы –тіл білімінде өзекті саналатын түбі бір түркіден шыққан туыстас тілдердегі ортақ түбірлер туралы терең меңгеру, семантизацияның маңызын түсіну және зерттеу тұжырымдарын қолдану мүмкіндігінде жатыр.Зерттеу әдіснамасы ретінде алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін жинақтау, салыстыру, семантикалық талдау, жүйелеу әдіс-тәсілдері қолданылды. Семантикалық талдаудардың нәтижесінде мынадай қорытынды жасалды: бұл тілдердегі бір негізді түбірлер тарихи даму барысында біршама өзгеріске ұшыраған. Оған сол ұлттардың өмір сүру салты, әлеуметтік-тарихи жағдайы әсер еткен. Бір негізді түбір бір тілде түпкі мағынасын сақтай алса, екіншісінде негізгі мағынасымен қатар мағынаның кеңею процесі негізінде жаңа бір мағына тудырғанын немесе мүлде мағынасы күңгірттенгенін не өзге семаға айналып кеткенін байқадық. Сонымен қатар мағынаның тарылу-кеңею құбылыстарыныңда нәтижесін айқындадық. Бүгінде тіл білімінің жаңа бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер өте көп. Алайда ғылыми зерттеуді қажет ететін салыстырмалы тіл білімі, ноғай және қарақалпақ тілдерінің қарастырылуы және семантизация процесінің талдануы зерттеуіміздің құндылығын көрсетеді. Мақаланы жоғары оқу орындарында «Қазақ тілінің семантикасы», «Салыстырмалы тіл білімі» пәндеріне материал ретінде пайдалануға болады. Зерттеу қорытындысының практикалық маңызы –қарақалпақ және ноғай тілін ғылыми тұрғыда дұрыс зерттеу мен меңгеруде біз жасаған семантикалық талдауды үлгі ретінде қолдана алатындығы. Семантизациялану мәселесі –күрделі процестердің жемісі. Қазіргі жас тілші-ғалымдарымызға семантикалық зерттеу жасауды меңгерту үшін осы салада ғылыми еңбектер жазылып, жаңаша тұжырымдар ұсынылу керек.

Açıklama

item.page.source

Yayınevi

Kazakh Ablai Khan University of International Relations and World Languages

item.page.keywords

Konusu

Alıntı

Koleksiyonlar

Endorsement

Review

item.page.supplemented

item.page.referenced

0

Views

0

Downloads

View PlumX Details


İlişkili Sürdürülebilir Kalkınma Hedefleri